420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: министр түсіндіріп берді

  • 252
  • UPD: 12:41, 03.09.2020
Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: министр түсіндіріп берді

Зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай тұрғын үй алу үшін пайданалуға болады?

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов түсіндіріп берді.

«Бұл жерде біз тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп отырмыз. Шектеулер көп болмайды. Тұрғын үйді немесе жер телімін сатып алуға жұмсауға болады. Оның ішінде тек бастапқы жаңа үй емес, қайталама нарықтағы үйді де сатып алуға болады. Сондай-ақ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге де мүмкіндік бар. Ол кез келген екінші деңгейдегі банк немесе кез келген бағдарламамен алған ипотекаға да тарайды. Өзінің тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігі, кеңейту мүмкіндігі де қарастырылған», - деді министр Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингте.

Бұл жерде бір ғана шектеу болуы мүмкін екенін айтып өтті. Айтуынша, осы жарналар арқылы жаңадан сатып алған үйді 5 жылдың ішінде қайтып сатып жіберуге болмайды.

Еске салсақ, Президент Жолдауында 2021 жылы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін алуға болатыны туралы айтқан болатын.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кімдер ала алады?

Зейнетақы қорындағы қаржыны алу: министр әр жастағы азаматтарға жеке тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы