424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салық органдарына келу уақытын онлайн брондауға болады

  • 168
  • UPD: 12:38, 03.09.2020
Салық органдарына келу уақытын онлайн брондауға болады

Егер сіз қызметтерді уақытында алғыңыз келсе, бірақ кезекте тұруға уақыт жоқ болса, әсіресе коронавирустық пандемия жағдайында шығудың жолы бар.

Салық органдарына келу уақыты мен күнін онлайн брондау енді браузерде ғана емес, сонымен қатар «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл қосымшаны смартфонға (Google play және App Store-да қол жетімді) жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта сапарды жоспарлауға болады!

Сонымен қатар қызметті алғаннан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында жүргізілетін сауалнамаға қатысыңыз (сілтеме: http://kgd.gov.kz/kk/content/memlekettik-kyzmetterdi-alu-kezinde-salyk-toleushilerge-kyzmet-korsetudin-sapasy-men). Мақсат – қызметтегі осалдықтарды анықтау және ұсынылатын қызметтің сапасын арттыру.

Шетте қалмаңыз, сауалнамаға қатысыңыз, ел дамуына өз үніңізді жеткізіңіз!

 

Хабар 24 телеарнасы