426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлердің үстемақысына тағы 150 млрд теңге бөлу қарастырылуда

  • 227
  • UPD: 13:37, 03.09.2020
Дәрігерлердің үстемақысына тағы 150 млрд теңге бөлу қарастырылуда

Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлері жыл соңына дейін материалдық ынталандыруға қол жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатта қазынадан 60 млрд теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, дәрігерлердің үстемақысына тағы 150 млрд теңге бөлу қарастырылуда. Сонымен бірге, санитарлық эпидемиолог мамандардың жалақысын алдағы екі жылда 2 есеге арттыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта бұл саладағы білікті кадрларды даярлауға басымдық берілмек. Сондай-ақ пульмонология, кардиология сынды маман тапшы салада кадрларды дайындау мақсаты тұр. Сонымен қатар ауылды жерлердегі дәрігерлік амбулаторияның материалдық-техникалық жағдайын жаңартып, санитарлық көлікпен қамтамасыз ету үшін кешенді шара іске асатын болады.

Хабар 24 телеарнасы