420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы ауылдарда инклюзивті білім беретін маман жетіспейді

  • 166
Қызылорда облысындағы ауылдарда инклюзивті білім беретін маман жетіспейді

Сыр өңірінің ауыл-аймақтарында логопед, дефектолог секілді инклюзивті білім беретін мамандар жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылғы жүргізген мониторинг нәтижесі осындай. Президент Жолдауында мектепке дейінгі балаларды өнер, спортқа баулудағы мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Осы ретте мұндай шараларды әсіресе ауылдық жерлерде қарқынды жүргізу маңызды деп есептейді көпжылдық тәжірибесі бар қызылордалық пeдагог.

Анар Ізден, педагог, ҮЕҰ альянсы ассоциациясының жетекшісі:

– Мұндай мамандар ауылдық жерлерге барғысы келмейді. Сондықтан жүйелі түрде жоспарланған арнайы жобаларды үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асыру керек шығар. Бірақ оның қаржылық мәселелерін шешу керек. Бұл ретте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар беріліп тұрса, құба-құп болар еді.

Хабар 24 телеарнасы