420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық майдангердің сүйегі Ресейден туған елге жеткізілді

  • 216
  • UPD: 15:33, 03.09.2020
Қызылордалық майдангердің сүйегі Ресейден туған елге жеткізілді

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қызылордалық жауынгердің сүйегі туған жерге жеткізілді.

1917 жылы Арал ауданы Бекбауыл ауылында дүниеге келген Келіс Жиенбаев 1942 жылы майданға аттанып, бір жылдан кейін Тверь облысы, Зубцов ауданы, Михеево ауылы үшін болған кескілескен ұрыста көз жұмған. Сарбаздың мүрдесі өткен жылы желтоқсан айында «Еске алу вахтасы» акциясы аясындағы іздестіру шаралары кезінде табылды. Бірер күн бұрын аралдық жауынгердің сүйегі туған ауылы Құмбазар елді мекенінде қайта жерленді. Жерлеу рәсіміне қорғаныс істері жөніндегі департамент пен әскери бөлімдер өкілдерімен қатар Келіс Жиенбаевтың немере інісі және ауыл ардагерлері қатысып, майдан даласындағы ерлігі жас ұрпаққа үлгі етілді. 

Бауыржан Қуатов, Арал аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы:

- 1943 жылы ұрыс даласында хабар-ошарсыз кеткен. Өздеріңіз білетіндей, араға 75 жыл салып, іздестіру отряды арқылы атамыздың сүйегі табылған. Сол тапсырмаға сәйкес біз атаның туып-өскен жерінде қайта жерлеу рәсімін жасадық.

Хабар 24 телеарнасы