421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандар егін ору науқанын бастады

  • 124
  • UPD: 15:32, 03.09.2020
Қостанайлық диқандар егін ору науқанын бастады

Биыл Тобыл өңірінде егін орағы 10-15 күн ерте басталды.

Алайда тамыздың ортасында үздіксіз жауған жаңбыр кейбір шаруашылықтың жұмысын тұралатты. Ал соңғы он күн қостанайлық диқандар үшін қолайлы болып тұр. Осы аралықта облыс бойынша 5 млн 266 мың гектар егін алқабының 40% жинап алынды. Әзірге түсім әр гектардан орташа есеппен 9,4 центнерден айналып отыр. Өнімділік әдеттегідей солтүстік аудандарда жоғары. Мұнда астық түсімі оңтүстік аймақтарға қарағанда екі есе көп. Әрине, жаз айлары ылғалдың аз түскені әсер етпей қойған жоқ. Дегенмен, мамандар былтырғы жылға қарағанда өнімділік гектарынан 3-4 центнер артық болады деп отыр. Яғни қамбаға кемі 4,5 млн тонна астық құйылады деген болжам бар.

Есімжан Баймаханов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникамен жабдықталуы күніне 232 мың гектар егін жинауға және бір айдың ішінде егін науқанын бітіруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы