421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада аз қамтылған отбасы балаларына арналған оқу орталығы ашылды

  • 122
  • UPD: 15:33, 03.09.2020
Елордада аз қамтылған отбасы балаларына арналған оқу орталығы ашылды Елорда әкімдігі

Орталықта 300-ге жуық бала оқи алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен Bilim All мектеп оқушыларын даярлауға арналған жаңа аз қамтылған отбасы балаларына арналған білім беру орталығының ашылуы өтті.

Б.Мәкен тұрғындардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру маңызды екенін атап өтіп, орталық ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
Орталықта аз қамтылған, көпбалалы және қолдауға мұқтаж толық емес отбасылардың оқушылары әр түрлі курстарда қосымша оқудан ақысыз өте алады. Орталықта күндізгі топтар, орыс, қазақ, ағылшын және араб тілдері, математика курстары, шахмат үйірмесі, өнер шеберханасы, гитара және домбыра сыныптары бар.

«Бірінші мақсатымыз – балаларға заман талабына сай қол жетімді білім беру. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, атап айтқанда қосымша білім беру аясын кеңейту туралы ұсынысын толығымен қолдаймыз, бұл жұмыспен біздің орталық тікелей айналысады», – дейді орталық жетекшісі Райгүл Серікбаева.

Мұнда барлығы 300-ге жуық бала оқи алады. Оқу орталығы Strong Mothers Ns қоғамдық қоры мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен ашылды.

«Мұнда өте қызық. Мұғалімдер сабақты жақсы түсіндіреді», – дейді 7-сынып оқушысы Фатима Шарапатова.

«Орталықтың ашылуын өте ұзақ күттік. Осы курстарға баруға мүмкіндік берген Strong Mothers қоғамдық қорына ризашылығымды білдіргім келеді. Қызым осында ағылшын курсына барады. Алғашқы күндерден-ақ жақсы нәтиже көрсетуде, мектепке дайындалып жатқан ұлымды да осында әкелемін», – дейді оқушылардың анасы Анель.

Айта кетейік, көп балалы аналар ақысыз негізде компьютерлік сауаттылық бойынша қосымша курстардан өте алады. Қазіргі уақытта орталықта жиырмаға жуық ана білім алуда.

«Өзім көпбалалы ана ретінде осында компьютерлік сауаттылығымды арттырып, біраз нәтижеге қол жеткіздім. Орталықты ашуға қолдау білдірген әкімдікке, қоғамдық қор мүшелеріне алғыс айтамын», – дейді Гүлмира есімді көпбалалы ана.

Bilim All орталығы Уәлиханов көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан. Қазір топтарда бес баладан көп емес. Баланы тіркеу үшін кеңсеге келіп, қажетті құжаттарды тапсыру керек.

Хабар 24 телеарнасы