431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы сауда орындарында санитарлық талаптардың орындалуы бақылауда

  • 234
  • UPD: 17:54, 03.09.2020
Алматыдағы сауда орындарында санитарлық талаптардың орындалуы бақылауда

Алматыда «Қоғамдық бақылау» ұйымының өкілдері сауда нысандарына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар алдымен қаладағы Көк базарды аралап көрді. Маусым айында санитарлық талаптарды бұзғаны үшін бұл базарға 620 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, жұмысы бір айға тоқтатылған еді. Бүгін кемшіліктер табылмады. Жалпы «Қоғамдық бақылаудың» өкілдері сауда орындарына ескертіп те, сонымен қатар «құпия сатып алушы» ретінде де барады. Заң бұзушылықтарды көрсе акт толтырып, құзырлы мекемелерге тапсырады. Соңғы бірнеше күнде республика бойынша санитарлық талапты бұзған 15 факті тіркеліпті.

Саида Тәуекелова, «Қоғамдық бақылау» ұйымының республикалық үйлестірушісі:

- Бұл базар әкімшілігінің өзі санитарлық талаптардың сақталуына мүдделі. Мен «өздеріңіз қандай шара, қандай санкция қолданасыздар» деп сұрадым. Олар егер жалға алушы санитарлық ережені бұзса, оны түзетуге 10 күн берілетінін айтты. «Ал егер түземесе, сауда нүктесін мүлдем жауып тастаймыз», дейді.

Хабар 24 телеарнасы