426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық кәсіпкерлер кейбір салық түрін біріктіруді ұсынып отыр

  • 169
  • UPD: 18:42, 03.09.2020
Алматылық кәсіпкерлер кейбір салық түрін біріктіруді ұсынып отыр

Бұл бастаманы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, компания өз қызметкерлері үшін алты түрлі салық төлейді. Мысалы, әлеуметтік салық ұсталып, әлеуметтік аударым жасалады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін ақша тағы бар.

«Енді осының барлығы бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктірілсе», - дейді кәсіпкер. Максим Барышевтың пікірінше, төлемдердің көптігі жұмысқа кедергі келтіреді. Тым күрделі болғандықтан, кейбір жеке кәсіпкерлер бас ауыртып жатпай, көлеңкелі бизнеспен айналысуды жөн көреді. «Президент жолдауында салық санын азайтып, оны жеңілдету тапсырылды. Енді осы салаға жауапты Ұлттық экономика министрлігі құлақ асса», - деп отыр сарапшы.

Максим Барышев, Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы:

- Бұл барлығына ыңғайлы болар еді. Кәсіпкерлерге осы салықтарды бір төлеммен аудара салған жеңіл. Мемлекет үшін де қолайлы. Өйткені бәрі де бюджетке түсетін ақша ғой. Ары қарай мемлекет өзіне қажетті салаларға жұмсай береді. Бұл әлемдік тәжірибе. Мысалы, Грузия және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы