424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық ғалымдар короновирусқа қарсы үшінші баламалы вакцинаны жасады

  • 220
  • UPD: 20:56, 03.09.2020

Оны дайындағандардың қатарында жас ғалым Қайсар Табынов бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол елімізде ең алғашылардың бірі болып короновирусқа қарсы вакцина салдыртқан жан. Емдік екпені алмас бұрын мұқият саралап, зерттеген. Микробиология саласында ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалыммен арна тілшілері кездесіп, вакцина жасау мен егудің ерекшеліктерін сұрады.

Алмас Садуақас, тілші:

- Қайсар Табынов – Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі. Биыл жазда корновирусқа қарсы австралиялық МФ-59 атты екпені салдыртты. Вакцина алмас бұрын денсаулығын скринингтік және биохимиялық толыққанды тексерістен өткізіп, дәрігердің келісімін алыпты. «Қазіргі уақытта жағдайым жақсы», - дейді.

Қайсар Табынов, Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі:

- Әлеуметтік желілерде «бұл кісі есінен ауды ма, не үшін өзіне өзі салдырды? деген сияқты әртүрлі ой-пікірлер айтылды. Айтайын дегенім, бұл сараланып жасалған шешім. Өйткені бұл вакцина ең алдымен АҚШ мемлекетінде толығымен клиникаға дейінгі зерттеуден өтті. Екіншіден, бұл вакцина қазіргі таңда толығымен бірінші фазадан Австралия мемлекетінде өткізілді. Яғни, Автралия халқында тексерілген. Одан кейін менде ешқандай қорқыныш сезім болған жоқ бұл тұрғыда.

Ғалым жетекшілік ететін орталықта суббірліктік вакцина дайындалды. Құрамындағы майлы адъювант, яғни наноимульцияланған көмекші өнімді франциялық серіктестерден алған.

Алмас Садуақас, тілші:

- Короновирус індетіне қарсы отандық вакцина шығару ісі төрт айға жалғасты. Синтетикалық жолмен алынған емдік екпе қазір жануарлар ағзасында сынамадан өтіп жатыр. Егер вакцина оң нәтиже көрсеткен жағдайда авторлар оның клиникалық зерттеуін жалғастыруды көздейді

Қайсар Табынов, Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі:

- Бұл тұрғыда біздің ойымыз, егер бұл вакцина адъюванты біздің вакцина құрамында жақсы жұмыс істейтін болса, өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсететін болса, бұл вакцина ертең практикаға енгізуге толық мүмкіншілігіміз болады деген сөз.

Ғалымның айтуынша, вакцинаны короновируспен ауырмаған адамдардың алғаны абзал. Ал, ауырып-жазылғандардың бойында табиғи имунинет қалыптасып үлгереді. Дегенмен, бұл өте қауіпті ауру болғандықтан, болашақта қалай құбыларын анықтау әзірге мүмкін емес. «Сондықтан елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса назар аударылып, вакцина шығарумен айналасытын зертханалар мен зауыттар ашу керек», - дейді ғалым.

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы