420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

  • 234
  • UPD: 20:42, 03.09.2020
Ақтөбеде санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Ақтөбеде санитарлық талапты сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға 53 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның арасында белгіленген кестеден артық жұмыс істеген дәмхана-мейрамханалар мен өзге де қызмет көрсету орындары бар. Тіпті кейбірі қызметкерлерінің дене қызуын өлшемей, жұмыс істеуіне мүмкіндік берген. Бетперде кимеу, арақашықтық сақтамау деректері де анықталды. Облыс тұрғындарының да санитарлық талапқа салғырт қарауы тыйылмай отыр. Әсіресе, той және өзге де отбасылық мерекелерді атап өту әлі де кездеседі. Мұндай кемшілікті соңғы екі айға жуық уақыт ішінде бақылау жұмыстарын жүргізген мобильдік топ мүшелері мен полиция қызметкерлері анықтады. Тіркелген құқық бұзушылық бойынша 500-ге жуық хаттама толтырылды.

Айсәуле Оралбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Ең біріншісі, бізде уақытынан көп жұмыс жасау. Яғни, белгіленген уақыты бар ғой қаулыларда. Оның ішінде, мейрамханалар да бар, дүкендер де бар, фитнес орталықтар да бар. Демалыс күндері де тыйым салынған объектілер бар. Олардың да жұмыс жасау фактілері анықталған.

Хабар 24 телеарнасы