429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында той-томалақ тоқтамай тұр

  • 307
  • UPD: 20:48, 03.09.2020
Алматы облысында той-томалақ тоқтамай тұр

Шілденің бесінен бері Алматы облысында 38 той жасалған. Мерекелік жиындардың көбі Панфилов, Ақсу, Райымбек аудандары мен Талдықорғанда өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күннің өзінде мониторингтік топ қаладағы мейрамханаларда ас берілгенін және қонақтарды артқы есіктен кіргізіп, тойға дайындалып жатқанын анықтады. Мекеме иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Облыста 430-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректері тіркеліп, 4 млн 200 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Көпшілікті шақырып, жиын өткізген жеке тұлғаларға заң бойынша 30, ал мекеме иелеріне 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Әлия Шағиахмет, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі кезде Алматы облысында 4878 адам коронавирус жұқтырды деген мәліметіміз бар. Соның 4602-сі аурудан толыққанды жазылып шықты. Соңғы аптада аурудың өсу қарқыны 0%-ті құрап отыр. Десе де, демалыс күндері бізде шектеу шараларымыз бар. Ол жерде үлкен сауда орындары жұмыс жасамайды. Одан бөлек, моншалар, сауналар, SPA салондар демалыс күндері жабық болады.

Хабар 24 телеарнасы