420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік сатып алулар бақылауда болуы тиіс – қоғам белсенділері

  • 115
  • UPD: 21:14, 03.09.2020

«Қоғамдық кеңес квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алуларды бақылап отыру керек», дейді Алматы белсенділері.

Бұл жұмыс кеңестің беделін арттырып қана қоймай, аталған сектордың халық алдындағы ашық жұмыс істеуін көрсетеді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ұлттық компаниялардың сатып алулары қатардағы кәсіпкерлер үшін әлі де қолжетімсіз екенін атап өтті. Алматыдағы қоғамдық кеңестің хатшысы Алтынай Көбеева «бұған квазимемлекеттік сектордың халық үшін жабық болып келе жатқаны себеп», дейді.

Алтынай Көбеева, қалалық қоғамдық кеңестің хатшысы:

- Квазимемлекеттік секторлар соңғы уақытта көзден таса болып бара жатқандай. Бірақ бұл сала да мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік органдардың жұмысы халықтың қатысуынсыз нәтижелі болуы мүмкін емес. Өйткені ашықтық, қолжетімділік, әріптестік болмайды. Ал, Қоғамдық кеңес – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-әрекет жасайтын және әріптес болатын алаң. Сондықтан Қоғамдық кеңес қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялар мен кәсіподақ бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдарымен етене жұмыс жасауы керек.

Хабар 24 телеарнасы