420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл «Талдықорған – Өскемен» автожолы пайдалануға беріледі

  • 286
  • UPD: 22:35, 03.09.2020

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарына жұмыс сапарымен барған ол 768 шақырым болатын жолдың құрылысымен танысты. Дәл осындай жұмыстар Алматы облысында да жүріп жатыр. Премьер-министр автожолдың өңірдегі учаскесінің жаңғыртылуы, сондай-ақ «Үшарал – Достық» жолын салу жобасымен танысты. Осындай нысандарды іске асыру көлік саласын дамытып қоймай, экономиканың дамуына серпін береді. Ал республикалық жолдың «Орталық – Оңтүстік» бағытын транзиттік дәліз ретінде таныту қозғалыс қарқындылығын арттыруға ықпал етеді.

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазір «Талдықорған – Өскемен» тас жолын қайта жаңартудан өткізіп жатырмыз. Бұл – 768 шақырым. Барлық компаниялар толықтай осында зауыттарын, құрал-жабдықтарын алып келген. Жылдың аяғына екі жолда да жүріс береміз деген жоспарымыз бар.

Үкімет басшысы өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды да назарға алды. Өскемен мен Аягөз қалаларының инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен танысты. Сондай-ақ ірі сүт, балық шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкерлермен тілдесті. Ал Алматы облысы Көксу ауданындағы сүт-тауар фермасынының қазіргі әлеуеті жақсы екен. Облыстағы электр техникалық жабдықтарын өндіретін ірі кәсіпорынның ел экономикасына оң әсер етіп отыр. Сондай-ақ Асқар Маминге қос өңірдегі денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жұмысы таныстырылды.

Хабар 24 телеарнасы