426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Түркістан облысының туризм саласын 906 млн теңге шығынға батырды

  • 221
  • UPD: 23:30, 03.09.2020
Коронавирус Түркістан облысының туризм саласын 906 млн теңге шығынға батырды

Коронавирус пандемиясы Түркістан облысының туризм саласын 906 млн теңге шығынға батырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, экскурсиялық қызмет түрі тұралап қалды. Жүздеген адам табысынан айырып, қиын жағдайға тап болды. Қазір өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бірақ жергілікті билік сырттан лек-легімен келетін туристерді күтіп отырған жоқ. Сондықтан ішкі туризмді дамытуға күш салған тиімді. Алайда, өңірдегі ішкі туризм саласы әлі де бір ізге түскен жоқ. Кейбір туристік орындарда қызмет көрсету сапасы, дәретхана, тіпті қауіпсіздік мәселелері де толық шешілмеген. Карантин кезінде ұзақ уақыт бойы көп қабатты үйде қамалған тұрғындар шектеулер алынысымен қаладан далаға, табиғат аясына қарай ұмтылғаны рас. Алайда, тауға шығып, таза ауа жұтып, табиғат аясында тыныққысы келгендер қауіпсіздік шараларын ұмыт қалдырып жатты. Соның салдарынан Төлеби ауданындағы тауларда екі адам қайтыс болды. «Сондықтан туристік топ мүшелері үшін қауіпсіздік қашанда бірінші орында тұруы тиіс», - дейді мамандар.

Перизат Қонысбаева, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Осы мәселені реттеу бойынша гидтар, парамедиктер қай жерден оқып, сертификат алып, ұйымдастыру шараларын заңды түрде қалай жүзеге асыру керектігі бойынша туризм индустриясы комитетінен ресми хат жолданды. Мәселен, туристік оператор, турагент саяхат ұйымдастыратын болса, ол міндетті түрде ТЖД-ға тіркелу керек. Туристер таулы аймаққа туристік жолбасшысыз шығуға рұқсат етілмейді.

Асанғали Төлепбергенов, облыстық тжд басқарма басшысының орынбасары:

- Таулы аймаққа он адам шығатын жағдайда ТЖД-ның ахуал орталығына хабар беріп, өздері және қай аймаққа шығатыны туралы мәлімет берсе, біз департаменттің тиісті қызметіне алдын ала ескертіп, бақылауға алатын боламыз. Болып жатқан жағайлардың бәрі дағдарыс орталығына ескертілмеген жағдайлар.

Хабар 24 телеарнасы