420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысы Жолдауда айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға кірісті

  • 160
  • UPD: 06:14, 04.09.2020

Қарағанды өңірі Президент Жолдауында айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға кірісіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 бағыт бойынша айқындалған міндеттерді облыс активі кеңінен талқылап, алдағы жоспарларын пысықтады. Өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы, шағын қалаларды дамытуға басымдық беріледі.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Қарағанды өңірі келешекте жоғары технологиялық өндіріс орталығына айналуы тиіс. Оған облыстың әлеуеті жетеді. Қазір мұнда ондаған инновациялық жоба жүзеге асып жатыр. Тек жарты жылда аймаққа 400 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ірі металлургиялық кәсіпорындар шоғырланған өңірлерді дамытуға қатысты тың көзқарас керек» деді. Яғни, біздің өндірістік өңірді Жолдауда айтылғандай, орталыққа айналдырудың идеясы бүгіннен басталып, тың көзқарас бүгінен қалыптасуы тиіс.

Жолдаудың төртінші бағытында халықты жаппай баспанамен қамту мәселесі айталған. Осыған орай Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 1,5 есеге ұлғайтылмақ. Қазір өңірде көп балалы 4 мың отбасы үй кезегінде тұр. Жыл сайын шамамен мың жанұяға пәтер беру жоспарда.

Ләззат Қожахмет, қоғам белсендісі:

- Көп балалы аналардың ең басты мәселесі – баспана. Сол баспана мәселесін шешуге биыл бағыт берілді, бастама қойылды. Бұл бір, екіншісі, әлеуметтік кодекс дегенді қолға алмақ. Бұған дейін жалғызбастылар, мүгедек баласы бар аналар, көп баласы бар аналардың мәселелері біресе тұрғын үй қатынастары туралы заңдарда, біресе, әлеуметтік төлем туралы заңдарда әртүрлі шешіліп келді ғой. Енді оның барлығы бір заңмен реттелетін болды. Бізге келтірілетін ең басты жеңілдік осы.

Моноқалаларды дамыту мәселесі де Қарағанды аймағы үшін аса маңызды. Себебі еліміздегі 27 шағын қаланың 8-і кенді өңірде орналасқан. Онда облыс халқының 42%-і тұрады. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек. Облыс активінде сондай-ақ 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар 1 мың шақырым жол жөнделетіні айтылды.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы