428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал ауданында кесірлі вирустың қарқынына қарсы тұру шаралары жүргізіліп жатыр

  • 203
  • UPD: 10:03, 04.09.2020

Коронавирустың келесі толқыны келе қалған жағдайда онымен күреске жұмылдырылатын Қызылорда облысында 3 мың 500-дей медицина қызметкерінің резерві дайындалды.

Инфекциялық және провизорлық орталықтарда 3 мың төсек-орын жабдықталып тұр. Оған қосымша жақын күндері өңірде тағы 200 орынды модульді инфекциялық аурухана құрылысы басталуы мүмкін. Дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар.  Жаңадан 40 жедел-жәрдем көлігі мен 96 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынады. Облыс бойынша 3 оттегін өндіретін цех салынады. Қауіпті кеселдің қарқынына төтеп беру шаралары шалғайдағы Арал ауданында да жүйелі жүргізіліп жатыр. Індет өршіген кезде ашылған 100 орындық провизорлық орталықтың құрал-жабдығы түгенделіп, дәрі-дәрмек қоры әзірленген.

Қанат Үмбетов, Арал ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ішінде керуерттері, ИВЛ аппараттары, кислород концентраторлары барлығы дайын. Кез келген уақытта сол бөлімшені ашып, қайтадан жұмысын жалғастырып жіберуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы