420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жыл басынан бері қылмыс саны 33 процентке төмендеді

  • 140
  • UPD: 13:39, 04.09.2020

Жамбыл облысында жыл басынан бері тіркелген қылмыс саны 33 процентке төмендеді. Оның ішінде 265 қылмыстық деректі ашуға учаскелік инспекторлар арқау болған. Биылғы Жолдауда мемлекет басшысы дәл осы тәртіп сақшыларының жұмысын нақтылап, бағытын көрсетіп берді. Енді олардың мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Олар тұрғындарға ашық, қолжетімді, алдына мәселемен барған кез-келген азаматтың құқығын қорғауға міндетті. Осыған қатысты облыстық полиция департаменті учаскелік полицейлерге қатаң талап қойып, жолдау жүктеген міндеттерді орындауға кірісті.

Учаскелік инспекторларға қойылып отырған ең негізгі талаптың бірі оның жұртқа жақын болып, халықпен ашық әңгіме жүргізе алуы. Қазір мамандардың осыған қаншалықты дайын, әрі сай екенін байқау үшін мониторингтік жұмыстар басталды. Полиция департаментінің басшылығы учаскелік пункттерге тосыннан барып, ықшам аудандарды аралады. Тұрғындардың пікірлерін тыңдап, кездесулер өткізді.  

Руслан Құрымбаев, облыстық ПД Бастығының орынбасары:

- Учаскелік полицейлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ашықтық пен қолжетімділік басты бағытқа айналуы тиіс. Бұл негізгі талап.   

Заңды сауатты қолданып, әрі жұмысын тиімді үйлестіре алатын маман ғана нәтижелі іс көрсетеді. Бұл халықтың полицияға деген сенімін арттырып, имиджді көтерудің бірден бір жолы. 

Учаскелік инспекторлардың мәртебесі заң жүзінде артады. Бұл бірінші кезекте жұмыс өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермек. Бұл бастаманы ішкі істер саласында ұзақ жылар бойы еңбек еткен тәжірибелі ардагерлер де  құптап отыр.

Тұрдалы Шералин, облыстық полиция және ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы:

- Жұмыстың алдында жүрген біздің участковыйлар. Участковыйлардың тірліктері алға баспай тірлік жасауға болмайды. Мән беру керектігін, осылардың айлықтарын 25 процентке көтеру керектігін, соның өзі стимул жасап жатыр. Қазіргі кезде сол участковыйлардың барлығы бірдей жоғарғы заңгер болу міндеттелінді. Біз соны ақтауымыз керек. Олар енді қазіргі кезде жақсы жұмыс істейді. Әрі қарай ынталандырады деп ойлаймыз.

Айта кету керек, бүгінде Жамбыл облысында 355 учаскелік полиция жұмыс істейді. Әрқайсысына 2 мыңнан аса тұрғыннан келеді. Соңғы жылдары халық санының өсуіне байланысты штат жетіспеушілігі өткір сезіліп отыр. Учаскелік полицейлер кейде жұмыс жүктемесін физикалық тұрғыда атқарып, үлгермейтіндерін айтады. Материалдық-техникалық базаны да біршама толықтыру қажет. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы