421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте санитарлық талаптарды орындамағандар жауапқа тартылды

  • 148
  • UPD: 13:16, 04.09.2020
Шымкентте санитарлық талаптарды орындамағандар жауапқа тартылды

Шымкенттегі Абай ауданында карантиндік талаптарды сақтамаған ірі төрт базар әкімшілігі жауапкершілікке тартылды.

Бүгінге дейін сақтық шараларына немқұрайды қараған кәсіпкерлерге жалпы 11 млн теңге айыппұл салыныпты. Базарларды аралау барысында мониторинг тобы карантиндік шектеулер жеңілдетілгенімен келушілердің бетперде тағуы, кіреберістерде антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы міндетті екенін еске салды. Жалпы аудан аумағында 13 базар орналасқан. Олардың барлығы күніне екі реттен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Ал Шымкент қаласында карантин режимі енгізілгеннен бері 513 құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Оның ішінде мобильді топ өкілдерімен анықталғаны 351 жайт.

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі:

- Осы жерге келген азаматтардың барлығы маскаларын тақпайды. Қолына қолғап кимейді. Арақашықтық сақталмайды. Мұның барлығында әр тұрғын өз денсаулығына жауапты. Осы жөнінде қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ал алдағы күндерде базарға келетін болсақ, көпшілік орындарға баратын болсақ міндетті түрде маска тағып, сақтық шараларын сақтауымыз қажет.

Әбдіғаппар Шажаев, Абай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ басшысы:

- Бұл кәдімгі тұмау ауруы сияқты күзде өршитін ауру. Вирустық инфекция. Сондықтан әлі де болса халықтың өзіне туысқандарына немқұрайлы қарап, маска кию, санитарлық карантин талабын сақтамау мәселесі әлі де болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы