420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жүзден астам құрылысшы жалақысын ала алмай жүр

  • 114
  • UPD: 14:45, 04.09.2020

Қалада көп қабатты тұрғын үйлерді салумен айналысқан компания оларға 86 миллион теңге қарыз. Жұмысшылардың зейнетақы шотына да бір тиын аударылмаған.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері кәсіпорында жоспарсыз тексеріс жүргізіп, төлеу туралы нұсқама берген. Бірақ ол орындалмады. Қазіргі таңда қарызды қайтарумен сот орындаушылары айналысып жатыр. Ал, құрылыс компаниясының жұмысы тоқтап тұр.

Елена Мягких, қала тұрғыны:

- Құрылыс компаниясының мүлкі бізбен толық есептесуге жетеді. Қазір қымбат-қымбат кран, тағы басқа да техникамен бөгде фирмалар үй салып жатыр. Сот орындаушылардың айтуынша, оларды құрылыс алаңдарына кіргізбеген.

Мирас Сабағанов, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Соттың шешімімен құрылыс компаниясына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар 3 айға жұмысы тоқтатылды. Соңғы мәлімет бойынша сот орындаушылары кәсіпорынның мүлкін сатудан 16, 6 млн теңгені өндіріп алды.

 

Хабар 24 телеарнасы