420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіліп отырады

  • 202
  • UPD: 15:26, 04.09.2020
Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіліп отырады

Елімізде жұмыс күндері карантиндік шектеулер жеңілдегенмен, демалыста қайтадан күшейтіліп отырады.

Әр аптаның сенбі-жексенбісінде әр аймақта, эпидемиологиялық ахуалына байланысты, өңірлік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес тиісті шаралар енгізіледі. Мысалы, елордада жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде бұл күні дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Ал дүйсенбіден бастап қалаішілік және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс тәртібіне оралады.

Айта кетейік, қоғамдық көлікке маскасыз кіруге болмайды. Жолақысын төлеу  электронды түрде жүзеге асады.

Хабар 24 телеарнасы