420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҮЕҰ өкілдері Жолдаудағы онлайн-петиция алаңын құру бастамасын қолдайды

  • 128
  • UPD: 16:34, 04.09.2020

Мемлекет басшысының «Ұжымдық арыз-шағымдарды жолдау үшін онлайн алаңдар құру туралы» ұсынысы бүгінгі қоғамдағы түйткілдерді дер кезінде шешу үшін аса маңызды деп санайды Батыс Қазақстандағы үкіметтік емес ұйым өкілдері.

Қазір азаматтар жемқорлық деректерін, өз міндетіне немқұрайды қарайтын мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті мен өзге де толғандырған мәселелерін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жүр. Блогерлерден көмек сұрайтындары да бар. Алайда осының бәрін заңды, арнайы қорғалған алаңда жазып, оның тиісті деңгейде шешілуін қамтамасыз ету қажет. Осы тұрғыда Президенттің айтқан ойын бірауыздан қолдаймыз, дейді оралдық қоғам белсенділері.  

Светлана Тенишева, «БҚО Азаматтық альянс қауымдастығы» ҚБ президенті:

- Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауда айтқан арыз-шағымдар жолдауға арналған арнайы онлайн алаң құру туралы ұсынысы аса маңызды. Әр азамат, әр тұрғын өз ойын үкіметке, билік басындағыларға ашық жеткізуге құқылы. Егер ол арнайы рәсімделген заңды алаңда жүзеге асса, өтініштердің ескеріліп, шағымдардың шешімі тезірек табылар еді.

Хабар 24 телеарнасы