420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

  • 123
  • UPD: 15:28, 04.09.2020
Волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

Ашық жүрек. Елімізде осындай атаумен волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды.

Басты мақсаты аты айтып тұрғандай, қоғамды игі істерге жұмылдыру. Айналаңа жанашыр болып, мұқтаждарға қол ұшын созуды жақсы үрдіске айналдыру. Әсіресе өскелең ұрпақты ізгілікке ұйытудың маңызы зор екен. Жоба аясында ауыл-аймақтарда арнайы орталықтар ашылып, ай сайын белсенділігімен көзге түскен азаматтар марапатталады. 20 мың волонтердің Лигаға өту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар өңірлердегі озық ойлы жастардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетіледі. Үздіктері республикалық деңгейде жүзеге асырылады. Осы үшін де 300-500 мың теңгелік 107 грант бөлінді.

Азиз Қажденбек, Қазақстан волонтерлері лигасы үйлестіру кеңесінің мүшесі:

– Әр өңірге бөлек, 56 грант бөлінген. 300 мың теңгеден. 500 мың теңгеден республикалық маңызы бар қалаларға. Одан басқа 42 барлық волонтерлік бастаманы қолдайтын бөлек грант бөлінді. Осы «Ашық жүрек» жобасы бойынша жаңа платформа ашылады. Ол «лига орг кз» сайтында. Сол сайтта мен айтақна гранттар бойынша өтішін қалдыра алады.

Хабар 24 телеарнасы