420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

  • 229
  • UPD: 15:52, 04.09.2020
Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

«СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенінің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 процентін қамтуға жеткілікті.

Сонымен қатар аумақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың  900 дозаға тапсырыс берді.

Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады. Әдеттегі мерзімген 2 апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді», - деді.

Тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті. Сонымен қатар екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалған.  

Хабар 24 телеарнасы