426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады

  • 237
  • UPD: 16:07, 04.09.2020
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметі бойынша елімізде 9467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, келесі жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті жұптар қатыса алады. Еліміздегі емнің тиімділігі дүниеге келген бала санымен бағалайтын болсақ, ол 30 проценттік деңгейде.

«Осы бағдарлама аясында жылына бір рет ЭКО жасай алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырған. Президенттің тапсырмасына сәйкес квотаны 7 мыңға жеткізу керек», - деді.

Айтуынша, елімізде ЭКО-ның көмегімен 22 мыңнан астам сәби дүниеге келген.

Хабар 24 телеарнасы