426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тұмауға қарсы екпе екі аптаға ерте басталады

  • 214
  • UPD: 17:47, 04.09.2020
Елімізде тұмауға қарсы екпе екі аптаға ерте басталады

15 қыркүйектен бастап екпе егу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«СҚ-Фармация» компаниясы тұмауға қарсы вакцинаның 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11% қамтиды. Сонымен бірге қосымша 753 мың 900 екпеге тапсырыс берілген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ коронавирустың кезекті ықтимал толқынына қарсы зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 64 мың тестке дейін артады.

Хабар 24 телеарнасы