421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда демалыс күндері бірқатар нысан жұмысын тоқтатады

  • 202
  • UPD: 19:31, 04.09.2020
Алматыда демалыс күндері бірқатар нысан жұмысын тоқтатады

Алдағы екі күн демалыста Алматыда да шектеу бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойын-сауық және сауда-саттық кешендері жұмыс істемейді. Бірақ сол ғимараттарда орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық болады. Тұрмыстық заттар, киім-кешек және өзге де азық-түліктік емес жабық сауда орындары жабылады. Бұл тізімге сән салондары, шаштараз, монша, бассейн, фитнес орталықтары мен спорттық кешендер де кіреді. Қоғамдық көлік те жүрмейді. Ал ашық алаңдағы тамақтану орындары мен дәмханалардың жұмысына рұқсат бар. Бірақ барлық санитарлық талап сақталуы керек.

Хабар 24 телеарнасы