424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Әбілқасымова: 3,5 мың кәсіпкерге жеңілдікпен несие берілді

  • 209
  • UPD: 22:14, 04.09.2020

Үш жарым мыңнан астам кәсіпкер 8 проценттік жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Шағын және орта бизнес субъектілерін төмен процентпен несиелендіру кәсіпкерлерге көп көмек болмақ. Тағы бір айта кетерлігі, жаңа талапқа сай, екінші деңгейлі банктерде несиесі бар 30 мың кәсіпкердің шамамен 40 проценті екі аптадан кейін 6 проценттік мөлшерлемемен субсидияланады.

Мәдина Әбілқасымова, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

– Айналым қаражатын көбейту үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосты. Қор көлемі 600 млрд теңге. Қазір бағдарламаға сұраныс жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жоба 2021 жылдың соңына дейін ұзартылып, қордағы қаражат мөлшері тағы 200 млрд теңгеге артты.

Хабар 24 телеарнасы