420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жан-Мишель Кусто дельфиндер мәселесіне қатысты Қ.Тоқаевқа хат жазды

  • 213
  • UPD: 21:31, 04.09.2020
Жан-Мишель Кусто дельфиндер мәселесіне қатысты Қ.Тоқаевқа хат жазды

Танымал мұхиттанушы Жакив Кустоның ұлы дельфиндер мәселесіне байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол осы сүтқоректілерді ұстауға тыйым салу бастамасы үшін Қазақстан үкіметі мен халқына бейнежазба арқылы алғысын білдіріпті. «Мұхиттардың болашағы» атты қоғамды басқаратын Жан-Мишель Кустоның айтуынша, дельфиндерді қамауда ұстау оларды күйзеліске ұшыратады. Зерттеуші олардың табиғат аясында тіршілік ететін дельфиндерге қарағанда, өмірі де қысқа болатынын айтады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатында сүтқоректілерді құтқару бағытында қазақстандықтармен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.  

Жан-Мишель Кусто, зерттеуші:

– Қазақстан үкіметі дельфиндерді ұстауға тыйым салудың мүмкіндігін қарастырып жатқаны жайлы білдім. Бәрекелді! Қазақстан халқы мен үкіметіне бұл бастамасы үшін алғысымды білдіріп, оны толығымен қолдайтынымды айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы