424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы Преснов тораптық су құбырының құрылысы жалғасады

  • 187
СҚО-дағы Преснов тораптық су құбырының құрылысы жалғасады

Су ресурстары комитетінің мамандары осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша келер жылы тағы 3,3 млрд теңге бөлінеді. Естеріңізге салайық, бұл туралы арнамызға жергілікті тұрғындар хабарласып көмек сұраған еді. Бұған дейін айтқанымыздай, әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы 2014 жылы басталып, ұзаққа созылып кетті. Жоба бойынша 15 ауыл сумен қамтылуы тиіс. Солардың бірі – Становое. Бұл елді мекенде былтыр су құбыры тартылғанмен сорғы станциясы салынбай қалды. Салдарынан тіршілік нәрі күніне үш-ақ рет беріледі.

Мақсат Аяшев, ҚР АШМ су ресурстары комитет төрағасының орынбасары:

– Бұған дейінгі орындаушылар бірнеше қате жіберген. Сол себепті жобаға өзгертулер енгізілді. Қазір мердігер ұйыммен қосымша келісімшарт жасалды. Нысанның құрылысы жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы