421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да COVID-19-дың жаңа толқынына 4 мыңға жуық орын дайындалады

  • 147
БҚО-да COVID-19-дың жаңа толқынына 4 мыңға жуық орын дайындалады

Батыс Қазақстан облысында коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда 4 мыңға жуық орын дайындалады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірде дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Сондай-ақ 30 мың ПТР тест алынған. Еске сала кетейік, облыста 6 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығып, 97-сі қайтыс болған. Бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарларда 70 науқас ем алып жатыр. Оның үшеуі ауыр жағдайда.

Болатбек Қайыпов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Ауа райы салқындап келеді. Енді адамдар жабық ғимараттарда көп шоғырланбауы керек. Себебі ол эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына алып келеді. Бұл мезгілде тұмау секілді респираторлық вирустық аурулардың көбеюі де қауіпті тудырады.

Хабар 24 телеарнасы