420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіледі

  • 406
  • UPD: 08:43, 05.09.2020
Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіледі

Елімізде алдағы демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, осы сенбі-жексенбіде өткен аптадағыдай локдаун сақталады. Мәселен, Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің таратқан мәліметіне сүйенсек, ғибадат үйлері, ашық аспан астындағы аттракциондар, сұлулық салондары мен шаштараздар, монша, фитнес және спорт нысандары, жабық сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары екі күнге жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің де кестесіне уақытша өзгеріс енгізілмек. Олар таңертеңгі уақытта 07:00-ден 10:00-ге дейін, ал кешкісін 17.00 мен 20:00 аралығында ғана жүреді.

Хабар 24 телеарнасы