420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 200 орындық инфекциялық аурухана салынып жатыр

  • 178
  • UPD: 09:02, 05.09.2020
Атырауда 200 орындық инфекциялық аурухана салынып жатыр

Атырау қаласында 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Емдеу мекемесі заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталатын болады. Сондай-ақ жобада 20 орындық интенсивті терапия бөлімі де қарастырылған. Мұнайлы шаһардағы медициналық нысан демеушілердің көмегімен бой көтеріп жатыр. Ауруханада негізгі палаталардан бөлек далаға шығуға арналған арнайы бокстар болады. Емдеу нысанының құрылысы қазан айында аяқталады деп жоспарланған. Айта кетейік, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухананың құрылысы жүріп жатыр.

Баян Жанұзақова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

- Аурухананы мамандармен қамту мәселесінде жергілікті мамандар тартылады. Сонымен бірге жас мамандар тартылады деп күтіліп отыр. Жергілікті мамандар қайта оқытылып, қызметке тұрғызылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы