431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Қазақстанда 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

  • 208
  • UPD: 12:54, 05.09.2020
COVID-19: Қазақстанда 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр фото: komiinform.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 қыркүйекке арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратпен бөлісті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2839 науқас жатыр. 2750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

Хабар 24 телеарнасы