426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы жүгіруден онлайн марафонға кімдер қатыса алады?

  • 168
  • UPD: 16:48, 05.09.2020

Бүгін елорданың орталық саябағында 5 шақырымды марафон басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған шараның бір ерекшелігі – оған кез клеген адам, еліміздің кез келген жерінен ыңғайлы уақытта қосыла алады. Онлайн челленджге қатысу үшін алдымен ұялы телефонға арнайы қосымшаны жүктеу қажет. Одан кейін орталық саябақты «Астана парк» инстаграм парақшасындағы сілтеме арқылы марафонға тіркелуге болады. 5-6 қыркүйек күндері ұйымдастырылатын шараға Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да қатысты.  

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

- Әрине, біз қуанамыз, себебі жүгруге мүмкіндік туды. Шынын айту керек, спортшылар тіпті сыртта жаттыға алмайтын жағдайда болды ғой. Пәтер ішінде жүгіргендерді де білеміз. Енді міне, марафонға қатысып, солығын бір шығаруға мүмкіндік алғандай. Әлемдік пандемия талай жарысқа тұсау болды ғой. Әйтпесе, қазір де Қазақстанның көптеген жерлерінде жұрт жарысқа түсуші еді.

Хабар 24 телеарнасы