420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының тұрғыны өзі өскен ауылына балалар алаңын сыйға тартты

  • 168
  • UPD: 14:47, 05.09.2020

Павлодар облысының Шарбақты ауданында Арбиген деген ауыл бар. Орталықтан шалғайда жатса да, замана көшінен қалған емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осында өсіп-өнген азаматтар туған ауылдарын көркейтуге үлестерін қосып келеді. Олар мешіт салып, бау-бақша егіпті. Жуырда балалардың ойын алаңын сыйға тартты.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Сабақтан кейін Арбиген ауылының бар баласы ойын алаңына жиналады. Белтемірге тартылып, әткеншек тебеді. Асыр салып ойнап жүрген бүлдіршіндерді сөзге тарттық.

Мөлдір Данкина, ауыл тұрғыны:

- Бұл ойын алаңы өте керемет. Ойыншықтары көп. Жері бәрі таза. Біз мында көптеген ойындар ойнаймыз, қызықты. Құмда ойнаймыз.

Дильназ Бектемір, ауыл тұрғыны:

- Ойын алаңы ашылғалы бері сіңлімді әкеліп ойнатып жүрмін. Осы ауылымыз көркейіп келе жатқанына мен өте қатты қуаныштымын.

Қуаныш Құнапин, ауыл тұрғыны:

- Біз анда турникке тартылып, күшті трюктер жасаймыз. Сосын әткеншек тебеміз. Футбол ойнаймыз мында. Сосын ана турникте қолмен жүреміз. Мына ауылда тұрған өте күшті. Бос уақытымды осы алаңда өткіземін.

Балалардың ойынын қызықтауға ауылдың үлкендері жиналады. Олардың әңгімесі бөлек. Өзі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын кәсіпкер жігіт екі жүзге тарта алма мен алмұрт көшеттерін әкеп отырғызыпты. Жеміс ағаштарын өсіруге тамшылатып суару технологиясы қолданылады.

Риза Данкина, ауыл тұрғыны:

- Біздің ауылымыз қарағайдың ортасында тұрса да, мынадай бау-бақша түсімізге де кірмейтін бұрын. Міне, ауылымыздың ағалары келіп демеушілік көрсетіп, жүрегі Арбиген деп соғып, осындай ауылымызға бау-бақша салып, ойын алаңын салып, бізге үлкен қолдау көрсетіп міне, жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп отыр. Алғашқы жемісін, балалар міне, құлпынайды жеп жатыр.

Балалар құлпынайдың дәмін татып үлгерсе, бақша салған азамат келесі жылдың қамына кірісіп кеткен. Ауыл адамдары оның келешекте жеміс-жидек алқабын кеңейтіп, жүзім өсіруді қолға алатынын жеткізді. Қарағайлы орман алқабында бұрын-соңды жеміс өсірген адам жоқ. Тыңға түрен салған іскер азаматты қолдаған жерлестері алма бағын ерекше қамқорлыққа алыпты.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы