424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қоғамдық көлік қоршаған ортаны ластады

  • 113
  • UPD: 18:04, 05.09.2020

Петропавлда қоғамдық көліктен шыққан көк түтін қоршаған ортаны ластап жатыр. Экологтар осылай деп дабыл қағуда. Қазір арнайы мониторингтік топ автобустардан бөлінетін улы газдың көлемін арнайы құрылғымен тексеріп жатыр. 

Қара түтін будақтаған бұл көлік 23-бағытқа шығатын автобус. Арнайы құрылғы техникадан бөлінетін улы қалдық нормадан 2-3 есеге артық екенін көрсетті. Ал бұл мәселеге қатысты жүргізушілердің айтары бір. 

- Ну такая солярка новерное. Я откуда знаю.

Жүргізуші таңғы 6-дан түнгі 10-ға дейін тізгінде. Бір көлікте тек бір шопыр. Ал тапқан табысының 10 мыңы жанармайға кетсе, бір бөлігін автобустың иесіне тапсыруы тиіс. Ал қалғанын жүргізуші қалтасына басады.

- А вы план сдаете да хозяйну?

- Конечно

- А какой план сейчас?

-17.

- В день?

Петропавлдағы автобустарда әлі күнге дейін жолда жүру билеттері таратылмайды. Ал кондуктор атымен жоқ. 

Жылқыбай Жамұқов, жүргізуші:

- Кондуктор болу керек қой?

- Қалай заң бойынша? Мынадай кішкентай автобуста қандай кондуктор болады?

- Ал оның қызметін кім атқарып жатыр қазір?

- Өзіміз, шопырлар.

– Билетіңіз бар ма жолаушыларға?

– Бұл менің автобусым емес. Мені бір күн попросить етті. Менікі басқа автобус. Мен демалыста болуым керек бүгін.

Белсенділер, жол сақшылары мен экологтардан құралған арнайы мониторингтік топ екі күнде 20 шақты қоғамдық көлікті тексерген. Оның жетеуінен ақау табылды.  

Асхат Мәпенов, облыстық экология департаментінің мемлекеттік инспекторы:

- Заң бұзғандардың тізімін жасақтап, полицейлерге жібереміз. Бір аптадан кейін оларды қайтадан тексеретін боламыз. Егер олқылықтың орыны толтырылмаса, автобус иелеріне әкімшілік айыппұл салынады.

Аталған акция мұнымен шектелмейді. Жауаптылар бұл шараны апта сайын өткізіп тұрмақ. Себебі тозығы жеткен қоғамдық көліктердің қоршаған ортаға тигізіп жатқан зияны шаш етектен. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы