426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағасындағы өртті сөндіруге кірісті

  • 182
  • UPD: 22:10, 05.09.2020
Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағасындағы өртті сөндіруге кірісті

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы таңертең Шымкент қаласынан ұшып шығып, Атырау облысына жетіп Каспий жағалауында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырау қаласынан 30-40 шақырымда Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Қопаның арасында бірнеше жерде өрт шыққан. Қамыстың биіктігі мен батпақ өрт сөндіруді қиындатып тұр. Қазір өрт шыққан тұстар анықталып жатыр. Одан елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы