420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетіліп жатыр

  • 196
  • UPD: 11:43, 06.09.2020

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар діттеген жеріне еш қиындықсыз жетуде. Бірақ қаладағы көптеген нысан әлі де жабық.

Алуа Маханбет, тілші:

– Біз қазір Райымбек және Сүйінбай даңғылының қиылысында тұрмыз. Себебі дәл осы жерде қаланың бірнеше бағыты бойынша қатынайтын автобустар келіп тоқтайды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, аялдамада халық та көп. Алдыңғы апталардың демалыс күндері қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысы бойынша қалада қоғамдық көліктер жүрмеген болатын. Бірақ қала тұрғындарының өтініші ескеріліп, осы демалыста Алматыдағы қоғамдық көліктерге рұқсат берілді. Карантин басталғалы бері халықтың барыс-келісі азайғаны белгілі.

Осы демалыс күндері, яғни кешелі бері автобуспен қатар, троллейбус және метро да бұрынғыша қалыпты жүріп тұр. Алайда демалыс күндері қалада ойын-сауық және сауда саттық кешендері жұмыс істемейді. Сондай-ақ монша, бассейн, фитнес-салондар мен спорттық кешендер және шаштараз бен сән салондары да жабық. Яғни сәнденгісі келетін қыз-келіншекерге бұл жоспарларын ертеңге қалдыруға тура келеді. Ал ашық алаңдағы қоғамдық тамақтану орындары мен дәмханалардың жұмысына рұқсат бар. Алайда мұндай жерлерде барлық санитарлық талаптар сақталуы керек. Тағы бір айта кетер жайт, тауға шығып серуендеуге, Медеуге, Шымбұлаққа баруға болады.

Хабар 24 телеарнасы