429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың қоғамдық көліктері толық зарарсыздандырылды

  • 129
  • UPD: 00:10, 07.09.2020
Елорданың қоғамдық көліктері толық зарарсыздандырылды

Бүгін елордада қоғамдық көлік жүрген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есесіне автобустар толық дезинфекциядан өтті.

Яғни, әр көлік мұқият жуылып, зарарсыздандырылды. Жалпы автобустар күніге тазартылады. Оған қосымша, әр айналымнан кейін дымқыл шүберекпен сүртіледі. «Мұның бәрі жолаушылардың сақтығы үшін», - дейді мамандар. Сондықтан да жолаушылар да жауапкершілікті түсініп, автобусқа бетперде киіп кіруі тиіс. Антисептик қолданғаны да абзал.

Гауһар Ағажаева, дәрігер-эпидемиолог:

- Біз қолданып жатқан қоспа инфекцияны және зиянды бактерияларды жояды. Мұны жұқпалы аурулардың таралу ошақтарын зарарсыздандыру кезінде жиі қолданады. Қоғамдық көлік іші де адам көп шоғарыланатын орынның бірі. Сондықтан тазалық жұмыстарын барынша мұқият жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы