420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 5 мыңнан астам адам COVID-19-дан емделіп жатыр

  • 114
  • UPD: 09:36, 07.09.2020
Елімізде 5 мыңнан астам адам COVID-19-дан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5073 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 30 бала бар.

Стационарларда 2863 науқас жатыр, 2210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Жалпы науқастардың арасында 140 адамның жағдай нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы