426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының оқушылары үшін 5795 компьютер сатып алынды

  • 164
Алматы облысының оқушылары үшін 5795 компьютер сатып алынды diapazon.kz

Жаңа оқу жылы індетпен күрес шараларына байланысты қашықтан оқыту режимінде басталды.

«Соған байланысты Алматы облысында әлеуметтік әлжуаз отбасыларының балаларына қашықтан оқуға жағдай жасау мақсатында 5 мыңнан астам компьютер сатып алынды», – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, техникалық құралдардың алғашқы легі Талдықорған қаласына жеткізілген. Ол Ақсу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласына берілді. Компьютерлерді кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары жалғасуда. Қажетті техника барлық аудан-қалаларға берілетін болады. Жуық арада оған қоса 7508 планшет жеткізіледі.

Жалпы компьютер, ноутбук және планшет сатып алуға республикалық бюджеттен 8,6 млн. теңге бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы