420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай аудандық әкімшілік шенеуніктері қызметін асыра пайдалануға күдікті

  • 107
  • UPD: 13:14, 07.09.2020
Қостанай аудандық әкімшілік шенеуніктері қызметін асыра пайдалануға күдікті

Қостанай облыстық жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен Қостанай аудандық әкімшілігіндегі тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Олар қызметін асыра пайдаланғаны үшін күдікті. Шағын және орта бизнес субъектісі саналатын серіктестік басшысын Заречный ауылына газ тарту құрылысы үшін 10,8 млн теңге көлеміндегі қаржыны шотқа аударуға мәжбүрлеген. 

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Іске қатысты шенеуніктердің әрекеті қатыстылық деңгейіне қарай сот арқылы шешімін табатын болады.  

Хабар 24 телеарнасы