424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мас жүргізушінің бала қағу оқиғасының жай-жапсары тексеріліп жатыр

  • 115
  • UPD: 16:52, 07.09.2020
ШҚО-да мас жүргізушінің бала қағу оқиғасының жай-жапсары тексеріліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік көлік апатының мән-жайы тексеріліп жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Жаңа Шүлбі кентінде мас күйінде көлік жүргізген азамат 4 бірдей бүлдіршінді қағып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша көлік рулінде отырған ол жол үстінде келе жатып кенеттен бұрылып кеткен. Сөйтіп, жол шетінде жүрген балаларды барып соққан. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Ал қалғандары түрлі дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер қазір Семейдегі аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан баланың өмірін ажалдан арашалап қалу үшін бар күштерін салып жатыр.

Елжан Қайыртаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: 

- Балалардың бірі Семей қаласында облыстық ауруханада реанимация бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Одан басқа екі бала жергілікті жерде қаралып, кішігірім жарақаттар алған, дегенмен, олар үйлеріне босатылған.

Хабар 24 телеарнасы