426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық шаруалар егіннің жартысынан астамын жинап болды

  • 157
  • UPD: 15:14, 07.09.2020
Ақмолалық шаруалар егіннің жартысынан астамын жинап болды

Ақмолалық шаруалар егіннің жартысынан астамын жинап үлгерді. Нақтырақ айтсақ, 2 млн 684 мың гектар алқаптың астығы орылған.

Бұл, жалпы егістік аумағының 60 проценті. Ал өнімділігі орта есеппен 10 процентке жуықтайды. Сапасы да жақсы. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың айтуынша, диқандарға биыл 73 мың тонна арзандатылған бағада дизель отыны бөлінген. Қазір оның 30 мың тоннасы аудандарға үлестірілді  дейді мамандар.

Айта кетейік, биыл ақмолалық шаруалар 4 жарым  млн гектар жерге дән сіңірген болатын.

Бұйыртса, осы жылы да былтырғыдай 5 млн тоннаға жуық астық жиналмақ.

Ербол Жүсіпбеков, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазірдің өзінде 700 мың тонна астық қоймаға жеткізілді. Бәрінің дерлік сапасы үшінші және екінші санатқа жатады. Яғни өте сапалы. Ал қамырлығы 26-30 процентке дейін жетеді. Ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып, егінді барынша толық жинап алуға тырысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы