429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарайды

  • 153
  • UPD: 15:23, 07.09.2020
Сенат табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарайды

10 қыркүйекте өтетін Сенаттың пленарлық отырысында табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарайтын болады.

Бұл туралы бүгінгі Сенат бюросының отырысында мәлім болды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжілістен түскен екі заң жобасы Сенат комитеттерінің қарауына жіберілді.

Атап айтқанда, қаржы және бюджет комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне қатысты ауқымды заң жобасын қарайды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті қарайды.

Хабар 24 телеарнасы