424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы 5 жылда республикалық жолдар толығымен жаңарады

  • 170
  • UPD: 17:40, 07.09.2020
Алдағы 5 жылда республикалық жолдар толығымен жаңарады

Қазір елдің транзиттік-трафиктік позициясын тұрақты ұстап қалу маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін көлік инфрақұрылымын дамыту шаралары іске асып жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр айтты. Қызмет көрсету мен тасымалдаудың сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Вице-премьердің айтуынша, жолдардың 90 процентті қанағаттанарлық күйде. Ал 2025 жылы жолдар 100 процентке жаңарады.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Транзиттік трафиктегі позицияларды ұстап қалу үшін біз тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмысты жүргіземіз. Осы мақсатта Қазақстанның көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жалғасады. 2020 жылы республикалық автомобиль жолдары желісінің 4 мың шақырымы ашық болады. Қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 90% процентті құрайды. 2025 жылға дейін республикалық автомобиль жолдарының барлық 100% проценті 24 мың км қалпына келтіріледі және қайта жаңартылады және де сервистік инфрақұрылымды құру аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы