426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада карантин талаптарын бұзғандар жалпы соммасы 95 млн теңге төлейді

  • 118
  • UPD: 17:30, 07.09.2020
Елордада карантин талаптарын бұзғандар жалпы соммасы 95 млн теңге төлейді

Елорданың барлық төрт ауданында карантин талаптарын бұзғандарды анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғасуда.

Өткен демалыс күндері, 5 және 6 қыркүйекте полицейлер мен әкімдік өкілдері қаланың ойын-сауық орындары, сауда орталықтары және басқа да ШОБ нысандары бойынша рейдтер жүргізді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Кәсіпкерлер мен келушілер әлі де санитария нормаларын бұзуда.

Алматы ауданында 24 ШОБ субъектісі тексерілді, 20-ға жуық талап бұзу фактісі анықталды. Байқоңыр ауданында 29 субъект тексерілді, 26 санитария нормаларын бұзу дергі анықталды. Есіл ауданында 31 объект тексерілді, 26 дерек анықталды. Сарыарқа ауданында 30 объект тексеріліп, 12 дерек анықталды.

7 қыркүйектегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзған адамдарға қатысты 963 материал келіп түскен. 427 жеке және заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша талап бұзушылықтар) жалпы сомасы 95 715 990 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы