426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кавасаки синдромын қалай анықтауға болады?

  • 261
  • UPD: 20:18, 07.09.2020

Қазір коронавируспен қатар Кавасаки синдромы туралы да алып-қашты сөз көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы балалардағы Кавасаки синдромы COVID-19 індеті кең тараған елдерде жиі белең алады. Бұл синдромның белгілері коронавирусқа шалдыққаннан кейін 4-5 аптада біліне бастайды. Мамандардың пікірінше, Кавасаки синдромы 18 жасқа дейінгі балаларда байқалуы мүмкін. Баланың дене қызуы көтеріліп, жөтел мен демікпе пайда болып, жүрек тұсы ауыра бастайды.

Ғалия Құттықожанова, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:

– Бұл ауруға шалдыққан науқасты бірнеше маман тексереді. Жұқпалы аурулар дәрігері, ревматолог, кардиолог және реаниматолог қарауы тиіс. Білікті мамандар ақылдаса отырып емдесе нәтижесі де жақсы болады. Қазіргі таңда арнайы хаттамалар бар. Науқастар сол бойынша емделеді.

Хабар 24 телеарнасы