420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік нысандардың шатыры ұшса, оған кім жауапты?

  • 129
  • UPD: 19:54, 07.09.2020
Әлеуметтік нысандардың шатыры ұшса, оған кім жауапты?

Жел тұрса шатыр атаулы ұша беретін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе әлеуметтік нысандардың төбесі тұтасымен жерге құлап, талай мәрте қауіп төндіргені жасырын емес. Мұның себебі не? Мамандар не дейді? Бұл туралы Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының инспекторына сауал қойға едік. 

Айбек Кеңес, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының инспекторы:

– Ең басты себеп – табиғи апат. Боран, дауылдар. Меншік иелері немесе актив иелері де жауапты. Жыл сайын ол шатырларды күтіп ұстау керек. Өздері мониторинг жүргізу керек. Егер құрылыс жүргізген уақытта мердігердің жұмысына тапсырыс беруші немесе олқылық тапқан жағдайда басқармаға хат жазып, шара қолдануға, хабарласуға бізге құқылы. Әлеуметтік нысандардың шатыры мемлекеттік сараптамадан өткен, жобалық сметалық негізінде салынады.

Хабар 24 телеарнасы